Қазақ халқының туыстық атаулары Баба – арғы ата, үлкен ата Ата – әкесінің әкесі, бергі ата Әже – әкенің шешесі, үлкен әже Әке – өзінің туған әкесі Ана – өзінің туған шешесі Аға – өзінен үлкен ер бала Aпа – өзінен үлкен қыз бала Қарындас – өзінен кіші қыз бала Іні – өзінен кіші ер бала Сіңлі – aпадан кейінгі қыз бала Ағайын – бауырлас, аталас адамдар Нағашы – шешесінің туыстары Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары Жеңге – ағаның әйелі Жезде - әпасының күйеуі Келін – інісінің әйелі Күйеу бала – сіңлінің күйеуі Жиен – ападан не қарындастан туған бала Жиеншар – жиеннен туған бала Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі Абысын – қайын ағасының әйелі Ажын – қайын інісінің әйелі Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан құдалар Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар Қарсы құда – екі құда бір-бірінен қыз алысуы Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары) Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда Немере – ата-ананың ұлынан туған бала Шөбере – немереден туған бала Шөпшек – шөбереден туған бала Немене – шөпшектен туған бала Туажат – неменеден туған бала Жүрежат – туажаттан туған бала Жегжат – жүрежаттан туған бала